Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында патриотизм туған жеріңе, ауылыңа, қалаңа, өскен өлкеңе деген ыстық махаббатыңнан басталады деп айтқан болатын. Осыған орай 15 қыркүйек күні шағын ауылдар мен ірі қалаларды қамтитын жалпыреспубликалық «Рухани жаңғыру» жастар акциясы бастау алды. Акцияның басты мақсаты рухани жаңғыру бағытында жасалынып жатқан жұмыстарға жастарды белсенді қатысуға шақыру.
Сағат 12.00-де Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументінде басталған акциядан гимназия шәкірттері де қапы қалмады. Жалпы акцияға барлығы Ақсу қаласының мектептері мен колледждерінен 200-ге тарта бала қатысып, бір мезетте патриоттық әндерге флешмоб биін ұйымдастырды.
Аталған акция жалпы барлық облыс, аудан, ауылдарда: «Білім», «Асар», «Тағзым», «Өнер» атты төрт бағыт бойынша 1 апта бойы жалғасын табатын болады.
Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады".Елбасы мақаласындағы бұл сөздер ұлттық болмысты сақтаудың маңызды екенін алға тартады. Ұлттық кодтты, генетикалық жадыны сақтап қалу өте маңызды. Өйткені болмысын сақтамаған, білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Ал, болашақ деген бүгінгі ұрпақ. Сондықтан да Елбасы бағдарламасын орындауда бұл бағдарламаның атқаратын қызметі мен атқаратын рөлі өте зор.
Алтынбек Мақсатхан