«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 30-қыркүйек күні Иман Жүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында тоғызқұмақ турнирі ұйымдастырылды.Оған Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтарының мектеп оқушылары қатысты. Ұлттық ойынымызды дәріптейтін бұл шараны Ақсу қаласы дәне тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған болатын. Айтулы шараның басты мақсаты ұлттық спортты жаңғыртып, тоғызқмалақ ойыншыларының шеберлігін арттыру, кіл мықтыларды анықтау болып табылады.
Жарыс оқушылар арасында командалық есепте ұйымдастырылса, үлкендер жекелей сында бақ сынасты. Жарыс талабы бойынша әр команда 3 ер бала мен 2 қыз баладан тұратын болуы керек. Гимназияның намысын бұл күні 5 сынып оқушылары Төлеу Әлихан, 3 сынып оқушылары Шахмет Арнұр мен Дәуітбек Ерхат, 5 сынып оқушысы Исабекова Дәмелі мен 3 сынып оқушысы Көпжанова Аружан қорғады.
Үш сағатқа созылған тоғызқұмалақ турнирінің қорытындысы бойынша бар шеберлігі мен ойларының жүйріктігін ортаға салған гимназия шәкірттері 3-ші орынға қол жеткізе алды. Ал ересектер арасында аталған оқушылардың тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Алтынбек Мақсатхан да жекелей сында 3 орын бұйырды. Барлық жүлдегерлер дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.