Өткен аптада гимназия қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасында орын алған Латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Жиынға мұғалімдер мен 8-сынып оқушылары қатысып, латын әліпбиіне көшу мәселесін қызу талқылады.
Дөңгелек үстел барысында жастар өз пікірлерін ортаға салып, ұстаздар қауымен еркін пікір алмасты. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген сұрақтарға өз көзқарастарын білдірген оқушылардың пікірі екіге жарылды. Оқушылардың бір тобы қазақтың төл әріптерін диграфтармен белгілемей, бір дыбысқа бір әріп принціпін қолдануды ұсынды. Жиын соңында оқушылар өз ұстанымдарын дауыс беру арқылы білдірді.
Ал осы апта да бұл мәселені 9 сыныптар талқыға салды. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы маңызды мәселеленің бірі осы латын әліпбиі. Көптеген оқушылар латын әліпбиі заман талабы екенін, әлемдік аренада ықпалымызды арттыратынын жеткізді. Ал 9 «а» сынып оқушысы Мұхаммеджан: қоғамда әлі қазақ тілі жеткілікті деңгейде дамымай тұрып, латынға көшу асығыстық емес пе деген пікірін білдірді. Әрине қолдайтындардың пікірі бір атанға жүк боларлықтай. Ал жоғарыда оқушылар тарапынан көтерілген түйткілді сұрақтарға тарих және қазақ тілінің мұғалімдері шығар жолын көрсетіп, оң-мен солын ажыратып берді деуге болады.
Дөңгелек үстел барысында Қазақ елі қолданған әліпбилер туралы зияткерлік сайыс ұйымдастырылып, шапшаңдығы мен шамасын қатар байқатқан Досмағамбетова Айризаға көркем әдеби кітап табыс етілді.
Бір қуантатыны, көкірегі ояу, көзі ашық жастардың бар екендігі және олар айтқан ойлардың ерекше екені болды.
Алтынбек Мақсатхан
аға тәлімгер