2017 жылдың 25 қазан күні гимназияда өзін-өзі басқарудың президенті салтанатты түрде ант қабылдады. 16 қазан күні 243 дауыс беруші қатысысқан сайлаудың нәтижесінде «Мектеп президенті» лауазымына дауыс берушілердің 60% даусын жинаған 9 «а» сынып оқушысы Ұзақбай Нұрайым сайланған болатын. Өз лауазымына кіріспес алдында Нұрайым мектеп алдында ант беріп, өзіне жүктелген үмітті ақтайтынын жеткізді. Сонымен қатар, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа министрлері анықталды. Олар:
Мектеп президенті: Ұзақбай Нұрайым
Премьер-министрі Қазбеков Мұхамеджан
Білім және ғылым министрі Батай Аружан, Данкина Алима
Мәдениет министрі Закирьянова Бадинур,
Спорт министрі Қайса Арсен, Абілқақ Мухаммед!
Мұндай шара оқушыларымымыздың мемлекетіміздің саяси өміріне араласуына, өзіндік үлесін қосуға, азаматтық ұстанымын білдіріп, болашаққа сеніммен адымдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекет заңын құрметтеп, жүзеге асыруға мол мүмкіншілік береді.
Аға тәлімгер: Алтынбек Мақсатхан