Оқушылардың күзгі демалысы барысында Алматы және Астана қалаларында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ бірлескен бастамасы бойынша ұйымдастырылған Мемлекет басшысының қызметімен тығыз байланысты жерлерге баруға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды. Турға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 13 пен 17 жас аралағындағы 480 оқу озаттары мен белсенділері қатысты. Олардың ішінде Биxан Боранбай, Сейтаxмет Еділ, Кабышева Динара біздің гимназия шәкірттері де бар! Астанада мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Қоры және Кітапханасы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументі және Назарбаев Университеті көрсетілді.
«Көшбасшы жолы» саяхаты