2017 жылдың 9 қараша күні Білім басқарамасының ұйымдастыруымен М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өтті.
Журналистикаға қабілеттері бар, балалар және жас өспірімдер газеттерінің өкілдерінің басын қосқан байқауға біздің гимназияның "Балауса" мектеп газетінің тілшілері де қатысып, талаптарын таразыға салды. Байқау нәтижесі бойынша "Балауса" газеті ұжымы І орынды жеңіп алып, облыстағы үздік мектеп газеті атанды. "Балаусаның" жас тілшілері 9 сынып оқушылары Данкина Алима, Жұмабаева Дильнара, Рамазанова Аяулым және Жомарт Ақтоты.
Фестиваль бағдарламасы барысында облыстық Халық радиосына, «Казахстан–Павлодар», «Баспа үйі» типографиясында, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында, Жастар бастамаларын қолдау орталығында экскурссиялар ұйымдастырылды. Оқушылар сарайының жас тілшілері «СМИ уходят в Интернет» атты ток-шоу жүргізді. Телешоуда Павлодар облысының атақты журналистері Юрий Поминов, Фёдор Ковалёв, Елена Вайберт болды. "Балауса" газетінің ұжымын және шәкірттерімізді толағай табысымен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз қарымды болғай!
"Балауса" - облыстағы үздік оқушылар газеті