«Педагогикалық бастамалар» облыстық фестивалі
2017 жылғы 9 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласындағы облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Педагогикалық бастамалар фестивалі» атты облыстық конкурсын өткізді. Гимназиямыздың орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Гульжайнат Бекежановна «Использование ИКТ для повышения качества знания» тақырыбы бойынша жобасын ұсынып, Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының облыс мұғалімдері арасында тәжірибесі жинақталып, таратуға ұсынылғаны үшін сертификатына ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!