Республикалық «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кішкентй баланың - үлкен құқықтары» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушы 6,7 сынып оқушылары бала құқығын қорғайтын заңдармен таныса отырып, суреттер мен бейнелер арқылы өздерінің құқықтарын анықтауға атсалысты. Сайыс барысында оқушылар тегін білім алу, кемсітуден қорғану, тегін медициналық көмек алу, дем алу және бос уақытын пайдалану, кемсітушіліктен қорғану, жеке құпияның сақталуы сияқты құқықтарының маңыздылығын түсіне отырып, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін дәлелдеді, өз құқықтарын қорғаудың жолдарын меңгерді. Қорытындысында топтардың сайыс барысында танып білгені «Kahoot» қызықты ресурсы арқылы тексеріліп, қорытындысында 7 сынып оқушылары жеңіске жетті.
Құқықтық сауаттылық – заман талабы