Бастауыш сыныптарда жаппай «Жасыл-яғни үнемді» атты сынып сағаттары өтуде. Оның мақсаты оқушы бойында экологиялық мәдениет пен табиғи ресурстарды тиімді пайдалана білу ұғымын қалыптастыру, қазіргі кезде өзекті болып отырған қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесіне оқушылар назарын аудару. Мұғалімдер табиғаттағы су қорын,оның түрлерін түрлі зерттеулер арқылы оқушыларға көрсете отырып, оны үнемдеудің қажеттілігін түсіндіріп өтті. Тақырыпқа сай бейнелер көре отырып, оқушылар энергия өндірудің табиғи жолдары, қоқысты қайта өңдеу ұғымдарымен танысып, оның пайдалы жақтарын талдады. Топтаса отырып,
-ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану;
-қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігі;
-атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту және қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды пайдалану сияқты тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды.
Қорытындысында балалар табиғи ресурстарды қалай үнемдеу керектігі туралы покетмодты жинап, түрлі түсті қарандаштармен бояды. Бұл кітапша оларға табиғи ресурсатрды үнемдеудің жадынамасы болмақ.