Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!
Бабамыздың қанымен, анамыздың жасымен келген Тәуелсіздік - тәңірдің тәтті сыйы, Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. 15 желтоқсан күні гимназиямызда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында гимназия директоры Мәрия Абдуқадырқызы ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтай келе, Тәуелсіздік тойымен тұспа-тұс келген қалалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. Ән-жырдан шашу шашылған мерейлі мерекенің сәнін "Айгөлек" бишілері кіргізді. Әсіресе, 10 сынып оқушыларының қатысуымен "Қайсар рухты Қайрат" атты көрініс көпшіліктің көңілінен шықты! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!
Алтынбек Мақсатхан