Бүгінгі таңда Ақсу қаласында жастар саясаты ең басты орында тұр. Осы орайда 2013 жылдың 13 мамырында гимназияның мәжіліс залында Қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалымен бірлесе «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Бұл гимназия үшін зор мақтаныш, ұмтылмас тарихи оқиға болды. Осы форумға қала әкімінің орынбасары Бегзия Зейнулловна, әкімі апаратының қызметкері Ардақ Тәттімбетұлы, қалалық білім бөлімінің бастығы Қайрат Теміржанұлы, ақпарат орталығының директоры Айдос Рысымбетұлы шақырылды. Форумға мадениет бөлімінің бастығы Нұрлан Жұмабекұлы, «Ардагер» ұйымының басшысы Залмұқан Арынұлы, қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жас Отан» ұйымының мүшелері және гимназия ұстаздары, оқушылар БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл ауқымды шараға өз тағдырын тәуелсіз Қазақстан тағдырымен байланыстырған, егеменді еліміздің гүлденуіне зор үлестерін қосып келе жатқан азаматтар бас қосты.
«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» деректі фильмі көрсетіліп, гимназияның тарих пәні мұғалімі Бақыт Шаймарданқызы Ибраева «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты баяндама жасады.
Форум спикерлеріне сөз берілді.
- Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі – басты назарда. Оларға сапалы білім беру – кемеңгер ұстаздың құзырында. Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның география пәнінің мұғалімі, Қазақстанның «Гиннис-2012», «Мұғалімдердің даңқ» энциклопедияларына өмірбаяны енген, «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» медалінің иегері - Алтынбек Аманжолұлы Жакуповқа сөз берілді.
- Еліміздің амандығы мен тыныштығы қарулы күштер қызметкерлеріне байланыстыел үшін өзінің жанын беруге дайын азаматтардың бірі - Ақсу қаласының Әскери бөлімінің ІІ бөлімшесінің бастығы Жақанов Қуат Тлеуқабылұлына сөз алды.
- Елбасымыздың: «Бізге қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу керек» деген қағиданы ұстанып, еңбек жасап жүрген ұстаздардың бірі - Қашыр ауданының Қадиша Оспанова атындағы №3 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Светлана Александрқызы Шнайдер сөз саптады.
- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті, татар-башқұр этномәдени бірлестігінің мүшесі, жас көшбасшы - Дамир Михайлов сөз алды.
- «Біз-бақытты адамдармыз, өйткені біз тәуелсіз, өскелең, жан-жақты дамып келе жатқан Қазақстанда өмір сүреміз», -деп туған елге деген құрметпен қарайтын, дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы республикалық пәндер олимпиадасының І дәрежелі диплом иегері, «Жас Отан» ұйымының мүшесі – Қайыржанова Адия жалғастырды.
Одан келе кеште оқушыларға үлкен ой тастап, рух берген Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Тілек Жұмабекұлы өзінің «Мен қазақпын» төл шығармасымен көпшілікті тәнті етті. Кешті Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның директоры Р.Х. Сламбекованың қорытынды сөзі мен Форум спикерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты.
Осындай асқақ патриоттық рухты ұлықтаған іс-шара өз шымылдығын «Қазақ елі осындай» әнімен жабылды.
Мектеп әкімшілігі