Облыстық білім беру басқармасының басшысы жұмыс сапарымен гимназияға келді
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні гимназияға Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен гимназия директоры Мәрия Әдбіқадырқызымен гимназия тарихы, өткені мен бүгіні туралы сұхбаттасты. Содан кейін Дінислам Болатханұлы гимназияның тыныс-тіршілігімен көзбе-көз танысу үшін кабинеттерді аралады. Атап айтсақ, Дінислам Болатханұлына барлық пән кабинеттері, шахмат кабинет, робототехника кабинеті, спорт залы, би залы және мектеп мұражай мен «Даңқ» залдары көрсетілді. Сонымен қатар, Дінислам Болатханұлы мектеп мұражайындағы тілек кітапшасына өз лебізін жазды. Жалпы жаңа басқарма басшысының гимназиямызға берген бағасы жоғары екендігін айта кеткен жөн.