Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
10-01-2018 10:03
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Елбасының әр жылғы жолдауы – маңызды құжат. Қай жолдауы болмасын стратегиялық маңыздылығы мен ел алдындағы бағыт-бағдар мен міндетерді айқындауға негізделгенін көреміз! Кеше де Мемлекетет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына кезекті жолдауы туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Бұл жолдауды ұлт болашағын тәрбиелеумен айналысатын ұстаздар қауымы да ерекше ықыласпен қабылдады. Қазақстан Республикасы әлемдегі түрлі қиындықтарға төтеп беріп, дамудың даңғылына түскен аз елдердің бірі. Соған сәйкес Елбасы биылғы жолдауының негізгі мәні де «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің дамуына арналады» -деп атап көрсетті. Елбасы сонымен қатар жолдаудың негізгі атқарылуы керек 10 міндеті туралы да қысқаша баяндады. Соның ішінде адам капиталының жаңа сапасы туралы айтылған 7 бөлімінде білім саласына қатысты маңызды мәлімдемелер жасалынды. Яғни, еліміздегі білім жүйесі жаңа заманның талаптары мен экономика сұранысына ілесе алуы қажеттігі баса айтылды. Мұғалімнің мәртебесін көтеру мәселесі де қозғалды. Жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытатын ұстаздардың жалақысы 30-50%-ға көтерілмек. Әрине, бұның бәрі Елбасының білім саласында еңбек етіп жатқан ұстаздар қауымына көрсеткен үлкен қамқорлығы деп білеміз!

Елбасының биылғы жолдауы да ел экономикасын ғана көтеріп қоймай, білімді дамыту, руханиятты жаңғырту сияқты маңызды мәселелердің де шешімін табады деген зор сенімдеміз! Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді.Ендігі кезекте әрбір қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, елімздің іргесін бекіте түсуі қажет.