Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес
15-01-2018 21:19
Жарты жылдық белес һәм педагогикалық кеңес

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының білім беру жүйесіне енгізілу стратегиясы мен жүзеге асырылуы, идеяның құндылықтары, ұлттық тәрбие беру және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу бүгінде білім ордалары мен педагогтардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына сай тұлға тәрбиелеудегі мектептің басыңқы бағыттары» тақырыбында 14 қантар күні өткен педагогикалық кеңесте директордың орынбасары Г.Бакирбекова ұлттық құндылықтарды қазіргі білім берудің негізі ретінде оқу-тәрбие үдерісіне үйлестіру, ұрпақ бойына қалыптастыру жолдарын ұсына отырып, талқыға салды. Отырыс барысында пәндер мазмұнына кіріктіру, сатылы әрі сабақтастықта оқыту, кіріктірілген сабақтар өткізу, ұзақ, қысқа мерзімді жоспарда адамгершілік-рухани құндылықтарды басшылыққа алудың басымды тұстары айтылды. Сонымен қатар мектеп психологы Н.Шаймарданова ұлттық код деп аталатын қазақ хал-қының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерге тоқтала отырып, күнделікті оқушылармен жұмыс үдерісін осы белгілерге сүйене отырып ұйымдастырудың маңыздылығын атады. Сынып жетекшілер бірлестігі жетекшісі Д.Нургалиева әдебиетіміздің мол мұрасы негізінде ұлттық болмысты тәрбиелеу жолдарына тоқталса, технология пәні мұғалімі Г.Солтан ұлттық қолөнерді насихаттау арқылы «Мәңгілік ел» құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру бағытындағы атқарылып жатқан шаралармен таныстырып, оқушылардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұсынды. Қорытындысында ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолдары мен жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қабылданды.