ХІХ облыстық Абай оқулары

Павлодар қаласында өткен ХІХ облыстық Абай оқуларында мектебіміздің мерейі үстем болды. Конкурс 13 наурыз күні өтті. "Ұлылар əлемі" - Абай мен Шəкəрім еңбектеріне эссе жазу бағыты бойынша 9ə сынып оқушысы Жомарт Ақтоты І орынды, (жетекшісі Нургалиева Д.А.), "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Садыбеков Жандос ІІІ орынды (жетекшісі Шапауова А.С.), "Көңілім əнді ұғады" бағыты бойынша 6а сынып оқушысы Алимжанов Əлібек ІІІ орынды (жетекшісі Солтанова Г.С.) иеленді. Нургалиева Дария Амантаевна "Ұстаздық еткен жалықпас" номинациясымен марапатталды. Жүлдегер оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз. Республикалық кезеңге жолдама алған Жомарт Ақтотыға сəттілік тілейміз.