Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
17 мамыр күні «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өткізілді
20-05-2013 11:46
17 мамыр күні «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өткізілді

17 мамыр күні Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында, Халықаралық, Республикалық  байқаулардың  жеңімпазы,  «Айгөлек» би ансамбілінің  есеп беру концерті және білім ордамызда жыл сайын өтетін, дәстүрлі  «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өткізілді.

Жыл сайын, өзінің білімі мен  шығармашылығы, ақылы мен парасаты арқасында, топты жарып шығып, биіктен көрінген, дарынды оқушыларымызды марапаттау дәстүрге айналды. Осы оқу жылы да өзінің білімі мен шығармашылығы арқасында гимназияның намысын биік ұстап, білім бәйгелерінен озып шыққан жұлдызды 43 оқушыларымыз да марапатталды. Соның ішінде Жыл оқушысы болып Тараз қаласында өткен Республикалық пән олимпиадасында топ жарып, Алтын медальға ие болған, гимназияның білім көрсеткішіне нәтижелі үлес қосқан 9-сынып оқушысы Қайыржанова Әдия атанды.