Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» мерекесі
28-03-2018 20:50

Жүргізушілер– Жансулу, Ерасыл

1-Жүрг:Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар

«Мейірімділікке бастар жол» атты мерекемізге қош келдіңдер!

Мейірімділік, жақсылық жасау, достық, әдептілік сынды адамгершілік құндылықтарға толы өзін-өзі тану  пәні бізді мейірімділік әлеміне бастап келеді.

2-жүрг:

Бүгін Бөбек «қорының президенті және «өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні.

Видео

1-жүрг:

Біз бөбекпіз аялаған анасын

Сара апамыз  қамқоршысы, панасы,

Өмір тілеп ,бақыт тілеп, гүл тілеп

Жасай берсін қазағымның данасы

Ортада әсем  әнімен 1- сынып оқушылары. Қарсы алайық

«Тәуелсіздік әнұраным»

1-жүрг:Жадыра қалай ойлайсың, біздің балалар әдептіліктің, адал достықтың         

 мағынасын біле ме кен?

2-жүрг: Оны өздерінен сұрайық. Ортада  3 сынып оқушылары.

Музыка (3 ә сынып оқушылары)

2-жүрг:Гимназия оқушылары-  біліммен қатар, өнерді де қатар меңгеріп жүрген  шығармашыл  балалар.  Айгөлек би тобының өнерлі бишілерін ортаға  шақырамын.

«Цветочный» биі

1-Жүрг:Дарынсың, бәрін дарасың,                                                                                                                       

               Намысты болсаң жанасың.

    Білімді жисаң бойыңа, 

    Сен де ертеңгі данасың.

2-жүргізуші:Мейірімді жандар айнала,

                        Шеңберге келсін жайлана.

                        Жалықпастан қайта біз,

                        Махаббат сөзін айтамыз.

                        Сүйеміз барлық ананы,

                        Жүрегім оттай жанады.

                        Бақыттымыз осы біз,

                        Қасымызда досымыз. 

Музыка  Мәнерлеп оқу (1 сынып ) балалары

1-жүргізуші: Өзін-өзі тану әлемі мейірімділік пен жақсылық, қамқорлық пен қайырымдылыққа апарар жол. Осы жолмен келе жатқан біздердің алдымыздан әлі талай қиындықтар кездеседі.Сол қиындықтарды жеңіп, айналамызға қамқор бола білейік.

2-жүргізуші: Келесі  тамаша ән, сіздерге арналады. «Балдырғандар» әні

Аяна мен Аяулым 3 ә сынып

1-жүргізуші: Өзін-өзі тану пәні, балалардың жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, адал да қамқор азамат болып ержетуіне көмектесері анық. Әрқайсымыз өз туған жерімізді құрметтеп, оның өнерін, мәдениетін де сүю керекпіз.

Мына тамаша күйді бүгінгі қонақтарымыздың құрметіне арнаймыз. Ералханның орындауында   «Ата толғау» күйі

2-жүргізуші:Балалар, бүгін мейірімділік пен қуаныш, қайырымдылық пен қамқорлық мерекесі, баршаңызға тек қана ақ көңіл, таза пейіл  тілейміз.

1-жүргізуші: Жалпыадамдық құндылықтар туралы білімді қайта жаңғырту керек. Тек балаларға ғана емес, біздің барлығымызға, жалпы қоғамға адамгершілік-рухани бағыт қажет,- деген екен Сара Алпысқызы. Ендеше күнделікті  жақсылық жасауды өзімізден бастайық.

1-жүргізуші:

Ал, балалар тұрмайық.

Әндетейік шырқайық.

Думандатып би билеп,                                                                                      Ортамызды ашайық.«Атшабыс» биімен  сахнада «Айгөлек» би  ансамблі

2-жүргізуші: Әлем, жақсылықтар мен жақсы адамдарға толы болып, әрбір бүлдіршіннің арманы орындала берсін деген тілекпен , бүгінгі  мерекемізді гимназия гимнімен аяқтайық    

1-жүргізуші:

Қадірменді қонақтар,

Қадірменді достар!

Махаббатқа бөленіп,

Өтсін әрбір күндеріңіз.

Жылуы мол мейіріммен

Сыңғырласын үндеріңіз   

2-жүргізуші:

Сәтті боп әр қадамдарыңыз,

Орындалсын армандарыңыз!

Осымен мерекелік шарамыз аяқталды. Қош-сау болыңыздар!