Астана қаласында І филологтер съезі өтті
16-17 мамыр аралағында Астана қаласында «Қазақстандағы филологиялық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары» атты І филологтер съезі өтті. Съезге шетел, отандық ғалымдар мен қатар республиканың әр өңірінен келген делегаттар, соның ішінде біздің шаңырақтан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дюсембаев Аскербек Құлтайұлы қатысып келді. Аталмыш съезде тілдер үштұғырлығы, функциялық сауаттылықты дамыту, оқулық т.б. мәселелер кеңінен талқыланып, ұсыныстар берілді.