Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадасы

2018 жылғы 4 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның 10 сынып оқушысы Карибаева Малика мен 9ə сынып оқушысы Кунтаева Амина жүлделі ІІ орынды, ал 8ə сынып оқушысы Смагулова Диляра ІІІ орынды иеленді. Жетекшілері Нургалиева Дария Амантаевна мен Дюсенбаев Əскербек Құлтайұлы. Жеңістеріңіз құтты болсын!