Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназияда Дебат-пікірталас ойыны өткізілді
11-04-2018 20:10
Гимназияда Дебат-пікірталас ойыны өткізілді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының САНАЛЫ АЗАМАТ бағыты жастардың өз бетімен білім алып, білуге деген белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан тұлға болып тəрбиеленуін көздейді. Гимназия бұл мақсатты Дебат пікірталас ойындарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруда.

9 сəуір күні 6ə, 8ə сынып оқушыларынан құралған "Ақиқат" жəне " Жарқын болашақ" топтары пікірсайыс алаңында кездесіп, "Мамандық таңдауға мемлекет бөлген гранттарды мүмкіндігінше пайдалануға тырысу керек" тақырыбы бойынша ойын өткізді. Даттаушы "Ақиқат" тобы қанша дəлел мен фактілер келтіріп, зерттеулер өткізгенімен, 10 сынып дебатерларынан құралған төрешілер "Жарқын болашақ" тобы ойын жеңімпазы деген қорытынды шығарды.Үздік спикерлер Баяманова Аида мен Қазтай Айшат. Сондай-ақ Баянбат Ерасылдың ораторлығы қатысушыларды таң қалдырды. Бұл ойын əрбір қатысушыға мамандықты таңдауда дұрыс бағыт-бағдар береді деген сенімдеміз.