
Гимназияның түрлі спорттық жарыстарда биік жетістіктерге жеткен жас спортшыларын құттықтаймыз. «Экстрим» туризм тобы мектеп оқушылары арасындағы ХХVІІ жазғы облыстық спартакиадасында спорттық бағдарлау бағытында жүлделі ІІ орынды иеленді. Топ құрамында: Такаранова Алуа, Айдаргалин Алижан, Жуматаев Тамерлан, Бағау Дильназ, Жомарт Айдын. Жетекшісі Дембельбаев Нуржан Арыстанбекович.
Сондай-ақ, Ақсу ферроқорытпа зауыты кəсіподағының жүлдесіне орай өткен халықаралық спорт фестивалінде мини футболдан 4а сынып оқушылары Кукен Əбілмансұр мен Ерназарұлы Искандер қатысқан топ жүлделі ІІ орынға ие болды. 4а сыныбының жас акробаты Қайырғали Дария Ресейдің Новосібір қаласында өткен спорттық акробатикадан ашық біріншілікте жүлделі І орынға қол жеткізді. Құттықтаймыз!