Елімізге бойына ата- бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой- өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.
Н. Назарбаев
«ЕХРО және балалар» атты
І Республикалық оқушылар мен студенттердің
ғылыми жобалар сайысы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, «Тұран-Астана» университеті, Астана қалалық білім басқармасының жас туристер станциясының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 20 мамырында Астана қаласының «Тұран-Астана» университетінің базасында «ЕХРО және балалар» атты І Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жобалар сайысы өтті.
Модераторлар: пед.ғ.к, «Атамекен» бағдарламасының авторы Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы мен г.ғ.кандидаты, доцент Аяпбекова Алия Ескермесқызы.
«ЕХРО және балалар» атты ғылыми жобалар сайысы «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарованың арнауымен және «Халық қаһарманы» қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың құттықтауымен бастау алды.
Бұл байқаудың іріктеу турынан үздік танылған жобалар республикалық сайысқа шықырылды. Павлодар облысының намысын Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның командасы қорғады. Нәтижесінде І дәрежелі жүлделі орынға 3 оқушы: Михайленко Юлия (Жетекшісі: биология пәні мұғалімі-У.К. Муханова), Успанова Айгерім (география пәні мұғалімі - А.А. Жакупов), Ибраева Сая (тарих пәні мұғалімі - Б.Ш. Ибраева); ІІ дәрежелі жүлделі орынға 1 оқушы: Каиржанова Адия (орыс тілі мұғалімі - К.Б.Тулебаева); ІІІ дәрежелі жүлделі орынға 3 оқушы: Асенова Амина (тарих пәні мұғалімі - А.Т.Альдекенова); Қабылбекова Айым, Ермеков Әділет (Жетекшісі: биология пәні мұғалімі - У. К. Муханова) ие болды. Сонымен қатар 2 оқушы: арнайы сертификат ие болды: Сергазин Арман мен Маденов Аян.
Бұл жобаны ұйымдастырушы топ жетекшісі г.ғ.кандидаты Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлымен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» телебағдарламасында арнайы сұхбат алынды. Сонда М.Қ. Құрсабаев Павлодар облысының жобаларын ерекше атап өтті. Михайленко Юлияның мемлекеттік тілде еркін сөйлеп салиқалы пікір айта білген Елбасының саясатын қолдайтын жанашыр ұрпақ екендігін мақтанышпен атап өтті.