ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылына 1, 5, 7, 9-сыныптарға оқушыларды қабылдау жүргізеді. Қабылдау байқауына қатысу 10.05.2018 дейін жалғасады және келесі құжаттар ұсынылады:
-байқауға қатысу туралы ата-ананың өтініші;
-үміткер оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-үміткер оқушының ЖСН нөмірінің көшірмесі;
-оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері;
-үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
Емтихан күні қосымша хабарланатын болады.
Өткізу орны: Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 58,
Байланыс телефоны: 6-42-94, 4-90-07, 5-16-81.