Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы
Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24-28 сәуір күндері Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Аталған олимпиадаға білімдерін сынау үшін гимназияның 9ә сынып оқушысы Кунтаева Әмина және 10-сынып оқушысы Карибаева Малика аттанған болатын. Олимпиада қорытындысында «Тіл шебері» номинациясын Карибаева Малика иеленді. Ал «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен Кунтаева Әмина мараппатталды. Бұл оқушыларды және жетекшілері Нургалиева Дария Амантайқызын құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіздің еселене беруіне тілектеспіз!