15 мамыр Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы барлық Қазақстан мектептерінде өткізілді. Гимназияда да ата-аналар шақырылып, мектепте атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Мектеп директоры М.Касенова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар, қамқоршылық кеңесінің мектептің материалдық жағдайын жақсарту, мектеп алдын көгалдандыру,жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан қызметіне және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестауы бойынша баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Оқу процесін цифрландыру, күнделік жүйесі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жетістіктері туралы шағын бейнефильмдер ата-аналар назарына ұсынылды. Жыл бойы мектеп өміріне белсенді қатысқан ата-аналар мақтау қағазымен марапатталды.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы