Мақсаты: Білімдік
· Жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру жылдарындағы ауыл шаруашыдығына сипаттама бере отырып, осы саясаттың қазақ халқының тағдырына , оның ауыл шарушылығына тигізген кері әсері, орын толмас қайғы-қасіреті жайлы білімдерін толықтыру:
Дамытушыдық
· Негізгі оқиғаларды анықтау, оны жадында сақтау, салыстыру, логикалық ойлау абілеттерін дамыту;
Тәрбиелік
· Аға ұрпаққа құрмет, Отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
Керекті:Интербелсенді тақта, телевизор – видео фильм: «Ұлы жұт», қосымша құжаттар
Барысы:І Ұйымдастыру сәті
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау (Интербелсенді тақтада берілген тапсырмаларды орындау)
І.Тапсырма:1917 ж көктем мен жаз айларындағы қоғамдық-саяси өмір. (Дұрыс жауаптың астын сызу)
1.Ақпан төңкерісінен кейін елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан қазақ зиялылары: С. Сейфуллин, М, Әуезов, Т. Рысқұлов
Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқай
Ф. И. Голощекин, Е. Ерназаов, М. Дулатов
2. Қазақстанда саяси ой пікірді дамытуда белсенді әрекеттер жасаған Ресейдің оппозициялық партиялары: кадеттер, большевиктер
анархистер, октябристер
алаш, үш жүз
3.Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі:
А. Розыбақиев Ж. Бабаев Ә. Бөкейханов
4. Кадеттер ұйымы жұмысын жандандырған қала:
Семей Алматы Қызылорда
5.Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығу себебі кадеттер жақтады:
тәуелсіз республиканы конституциялық монархияны ұлттық автономияны
ІІ.Тапсырма: Қазақстанда жастар қозғалыстары мен жастар ұйымдары (Ойды жалғастырып, толықтыру)
1.Қазақ зияыларын қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған университеттер ....
( Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан)
2.Петербург университетін бітірген, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер .... (Ж. Ақбаев)
3.1917 ж қазан төңкерісі қарсаңында жарық көрген М. Дулатұлының жинағы ... ( «Оян, қазақ»)
4.1917ж Ақмолада құрылған қазақ жастарынң ұйымы ... ( «Жас қазақ»)
5. Меркеде құрылған жастар ұйымының жетекшісі ... (Т. Рысқұлов)
6. Қазақ жастары ұйымдарынң мақсаты .... (Өнер, білімді дамыту, ел істеріне араластыру)
ІІІ.Тапсырма: Алаш қозғалысы (оқиғаларды топтастыру)
І Жалпы қазақ сьезі ІІ Жалпы қазақ сьезі
Алашорда 1917ж 21-26 шілде
Орынбор қазақ саяси партиясы
Ә. Бөкейханов мемлекет билеудің түрі
Уақытша халық кеңесі «Қазақ»газеті
Бағдарлама 10 бөлім
Орынбор Жер және қазына
ІҮ.Тапсырма:Алашорда және кеңес өкіметі (сұрақтың жауабын анықтау)
1.Ұлттық келісім тактикасын жүргізген қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі ? (А. Байтұрсынов)
2. Алаш партиясы қайраткерлері кеңес өкіметі жағына шықты ? (1919 ж наурыз)
3.Алаш арыстарының талап тілектері ескеріліп Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы құрылды ? (1920 қазан)
4.Кеңес ұкіметі құрамына кірген алаш қайраткерлері ? (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов)
ІІ Жаңа сабақты меңгеру барысы:
А. Сыныпты төрт топқа бөлу, әр топтың міндетін түсіндіру:
І топ. Кіріспе – әр берілген тапсырмаға шолу жасау.
ІІ топ. Негізгі ой - әр тапсырмадан ҰБТ-да келетін сұрақтарды анықтау.
ІІІ топ. Толықтыру - әр тапсырмаға толықтыру жасау.
ІҮ топ. Қорытынды - әр тапсырманы жинақтап қорытындылау.
Б. Мұғалімнің кіріспесі: :ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығына жалпы шолу
С. І тапсырма:Жаңа экономикалық саясат. Жер-су реформасы. Назар аударатын негізгі мәселелер:
- Азық түлік салғырты мен азық-түлік салығының айырмашылығы
- ЖЭСтің мәні
- ЖЭСтің қиыншылықтары
- Жер-су реформасы: қажеттігі, маңызы, нәтижесі
- ЖЭСтің нәтижесі
Бекіту сұрақтары:
1. 1.РК(б)П Х съезінен кейін енгізілген салық түрі?
2. Қазақстанды аштық жайлаған жылдар?
3. Ашыққан халықтың саны?
4. Жер-су реформасы қашан жүргізілді
5. Жер-су реформасы бойынша қазақ шаруаларына қайтарылып берілген жерлер?
6. Жер реформасын тиянақты түрде жүзеге асыру үшін 1921ж. құрылған ұйым?
7. 1928ж. мал саны?
ІІ тапсырма:Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру «Ұлы жұт» фильмін көру және оқулықтағы материалды оқу. Назар аударатын негізгі мәселелер:
- Ұжымдастырудың принципі
- Ұжымдастыру мен отырықшыландырудағы бұрмалаушылықтар
- Ашаршылық
- Атамекенінен тыс жерлерге қоныс аудару
- Асыра сілтеу мен зорлық-зомбылыққа қарсы наразылықтар
Бекіту сұрақтары:
1. Ұжымдастыру саясаты жүрген жылдар?
2. Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан өлкелік партия ұйымының хатшысы?
3. 1933ж. 1қаңтарында қалған мал саны?
4. Ашаршылық жылдары қырылған қазақтардың үлесі ? (%)
5. Республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақ саны ? Қайтып оралғаны ?
6. Аштық пен оның себептері туралы өлкелік партия ұйымының І хатшысына жазылған хат ?
7. 1933ж. Сталинге хат жазған кім ?
ІІІ Сабақты қорыту:«Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» - оқушылардың ой пікірлері
ІҮ Рефлексия, Бағалау
Ү Үйге тапсырма:$ 16, қосымша деректер