"ГРУЗИЯДАН МАХАББАТПЕН" фестиваль-байқауының жүлдегерлегі
Үлгілі "Айгөлек" би ансамбілі 29.06.-01.07.аралығында Грузия мемлекетінің Батуми қаласында өткен ІІІ Халықаралық "ГРУЗИЯДАН МАХАББАТПЕН" фестиваль-байқауына қатысып, бірнеше категорияда жүлделі І орынға ие болды.10 мемлекеттен келген 75 ұжымның арасынан суырылып шығып, Қазақстанның, облысымыздың намысын қорғап, биік шыңнан көрінуі - сөзсіз, шығармашыл да, талантты жетекшінің еңбегі. Ол Динара Негматуловна Зембаева. "Айгөлек" ансамбілін және олардың жетекшісін керемет жеңістеріңмен құттықтаймыз!