"Менің табысқа апарар жолым" атты кездесу
Білім күніне арналған салтанатты жиын "Рухани жаңғыру" шаралары аясында "Менің табысқа апарар жолым" атты кездесумен жалғасты. Бұл шараның мақсаты: гимназияның табысты түлектерінің жетістікке жету жолымен таныстыру, болашақта мамандық таңдауда бағыт-бағдар нұсқау.
Кездесу қонағы гимназия түлегі, Ақсу қаласы Ішкі істер бөлімінің тергеушісі, аға лейтенант Байболат Кәкім. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары, мұғалімдер қатысты. Кәкім өзінің өмірлік ұстанымымен, алға қойған мақсатымен бөлісе отырып, жақсы әрі терең білімнің маңыздылығын сөз етті. Кездесу соңында қонағымыз 11 сынып оқушыларына ҚР Ата заңының маңызды бөлімдері жазылған шағын кітапшаны сыйға тартты.