Денсаулық күні
Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында өтетін Денсаулық фестивалі биыл да өз жалғасын тапты. "Жақсы көрсеткіштерге қол жеткізейік" атты денсаулық фестиваліне жиналған оқушылар мен мұғалімдер көңілді флешмобтан кейін асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, футбол, баскетбол, көңілді сөре жарыстарына қатысты.Оқушыларға күнделікті тамақтанудың тиімді жолдары туралы дәріс оқылып, кітапшалар таратылды.