"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы өтуде
12-23 қараша аралығында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" акциясы өтуде. Мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, алдын алу. Акция барысында 1-4 сыныптар арасында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызын арттыруда "Бақытты балалық шақ" суреттер байқауы; 7-10 сыныптарда "Әлемді зорлық-зомбылықтан тек жақсылық құтқарады", "Қоғамға риясыз қызмет ету" атты эссе байқауы; ата-аналар отырыстарында отбасындағы бала тәрбиесі мәселесі қозғалып, ақпараттық кітапшалар таратылып, психолог кеңесі, мектеп инспекторының ақпараттық-танымдық әңгімелесуі шаралары ұйымдастырылды.