"Жас Ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты
Гимназиямызда Тәуелсіздік күні қарсаңында 42 оқушы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Оқушылар ұйымның мақсат, міндеттеріне тоқтай отырып, жиналғандар алдында ант берді. Сондай-ақ қараша айында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен 9а сынып оқушысы Олжабай Алтынгүл Ұлан басы болып сайланды. Жас Ұлан белсенділеріне алдағы еңбектеріне сәттілік пен табыс тілейміз.