Гимназияда "Тәуелсіздік тұғырым" атты ашық есік күні өтті

Гимназиямызда бүгін 14 желтоқсанда "Тәуелсіздік тұғырым" атты ашық есік күні өтті. Мұнда алтын уақытын бөліп келген ата-аналар ашық сабақтарды, үйірме жұмыстарын, спорттық шараларды көрді. Сондай-ақ гимназия мұражайын, Президент кабинетін, даңқ залын аралап,шара соңында "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" атты салтанатты жиында балаларының өнерін тамашалады.