5-6 сынып оқушыларына арналған VІI облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 20 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған VІI облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. Қатысушылар математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Кабдулла Даниал І орынға, Шайфуллина Анель, Алимова Томирис, Жалешева Айым ІІ орынға және 5ә-сынып оқушысы Мухамматова Ақерке ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!