Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Малайсары батыр

Малайсары (шамамен 1700 -1756) - Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі  бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл - батыр, балуан, анасы Мөлдір - қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) - ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.