Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин

Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин (15.12.1913 жыл, Павлодар қаласы, Павлодар облысы - 2.10.1990 жыл, Алматы қаласы) - ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Абаймен сырласу

«Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожинұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі поэзиямыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды:

«- Абай аға,
Дауымыз жақпады ма?
Мұрамыз жоқ
Өзіңдей баптануға -
Жыр шіркінді
Түйдектеп жазамыз да
Асығамыз
Жарыла мақтануға».

Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. «Абаймен сырласу» елеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды. Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін

  • «Лермонтов және Абай» («Социалистік Қазақстан», 1939 ж., 15 қазан),
  • «Абай және Крылов» («Сталин туы», 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған.
  • «Абай және біздер» («Лениншіл жас», 1939, 23 маусым),
  • «Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы» («Қызыл ту», 1945, 30 қаңтар),
  • «Абай - гуманист» («Ленин туы», 1945, 21 шілде;
  • «Жаңа ауыл», 1954, 19 тамыз),
  • «Қазақ ағартушылары туралы соны деректер» («Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр),
  • «Толғанта беретін тақырыптар» («Қазақ әдебиеті», 1959, 10 көкек),
  • «Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай» («Коммунист», 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады.
  • «Абай және абайшылар» («Екпінді», 1940, 28-29 мамыр) мақаласында Бекхожин әдебиетшілер Ә.Жиреншин мен Е.Ысмайыловтың «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған (1940, 6 маусым«Қазақ халқының ұлы ақыны» деген материалындағы жаңсақ пікірлерге тойтарыс береді. Бекхожин 6 - сынып оқушыларына арналған әдебиеттік оқу кітаптарына (1941-1951) арнап Абайдың өмірбаянын жазды.

Еңбегі

Бекхожинге «Менің замандастарым» кітабы үшін Қазақ КСР- інің Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978). Өрен ұрпақты Отаншылдыққа баулу үшін "Жусан" поэмасын жазды. Кіршіксіз махабаттың адам жанын қанщама асқақтататын білгісі келген бозбала мен бойжеткен "Мариям Жагорқызын","Әппақнаманы" тауып оқиды. 1938-1939 жылдары

  • «Партизан Балтабай» («Кек»),
  • «Орман қызы»,
  • «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған.
  • «Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған.
  • 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.