Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Кемел Ақышев

Кемел Ақышев - (23 мамыр 1924 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы - 10 тамыз 2003 жылы, Алматы қаласы) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.

 

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан

Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.

1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.