Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Майра Уәлиқызы Шамсутдинова

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған.

 

Өмірбаяны

1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған.

Шығармашылығы

Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін.

Ол қазақ, татар, орыс тілінде кәсіби орындаушылығымен таң қалдыратын. Әміре Қашаубаев және Иса Байзақовтардың қатарында өзінің өнерін Баянауыл және Қоянды жәрмеңкелерінде көрсеткен.

1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.

«Майра» әні өте танымал болды (басқа атауы— «Убайра», «Райра», «Хару-раку-райра»)- ақындар өнерінің салтында шығарылған өзіндің әуендік «автопортрет»

Шығармалары

·         “Ахау, Семей”

·         “Гауһар тас”

·         “Ертіс”

·         “Сәулем-ай”

·         “Мақпал”, т.б. халық әндері болды.

Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің айнала жез”, “Бақша” әндерінің авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады