Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Жыр - менің жалғыз тарланым

Туған тілім - рухани асыл қазынам 

11 сынып оқушысы Имангазина Адина

Биік шыңға шықты халқым өзіңменен

Жеттік саған тілім менің төзімменен

Қазынасы болып біздің, мәртебеміз

Тек мақтаныш сезім алам тілім сенен.

Сен арқылы қазақ елі   шығар шыңға

Тең келмейсін жаhандағы бар алтынға

Сен азаттық, еркіндіктің  кепілісің,

Тек бақытты сыйлай білдің өз халқыңа.

Көңілімде мақтаныш ұмыт болмас

Халқым барда тілім қайта жойылмас,

Туған тілім өзіңменен мақтанам

Тек өзіңмен, қазағымның гүлі солмас.

Орын тауып еліміздің төрінен

Басың да биік тұрсын бәрінен

Ал біз қазақ, сақтап сені мәңгілік

Күн бастаймыз, әнұранның әнімен.

 

Қалам 

Мұқышев Жандос

Қолымда қалам тұрса,

Жарқыратып өлең жазсам,

Соншалықты өлең жазсам.

Қызып ап, көңілге бассам,

Қолыма  қалам алып өлең жазсам...

       Кітап шығарып  бассам,

       Кітабымды еліме тартып,

       Атақты ақын болсам.

       Қалам тұрса қолымда,

       Ақындық тұр жолымда.

 Ақын болу, ақын болу,

 Бағым екен басымда.

 Ақын болу қиын ба?

 Қолға қалам алсаң, мойыма!

       Ақын болу..

Әлде менің ойым ба?!

 

Ана тілі

Сергазин Арман 10 сынып оқушысы

Армысың, қазағымның ұландары!

Армысың, көк байрақтың қырандары!

Армысың, қазағымның бетке ұстар,

Елімнің дара да бір, тұлғалары!

 

«Сәлем – сөздің басы» ғой, амандастым,

Айтайын ең қымбатын, асыл тастың.

«Ана тілі-жүрек үні» байлығымыз,

Қол жетпеді, бұл байлыққа ешбір қастың.

 

Ана тілім, туған тілім-қазақ тілі.

Жеті атам айтып келген, бабам үні.

Қазақ тілі, зорлық көрді, қорлық көрді,

Талай-талай болып еді, қараң күні.

 

Алауыздық көрсетті ғой, совет елі,

Аш қасқырға толып кетті қазақ жері.

Қасқырлардың көсемі ІІ Николай,

«Орыс тілі, жасасын»-деген еді.

 

Қазақ тілі, жемтігі емес аш қасқырдың,

Қазақ халқы «су жүрек» емес қояндардың.

Мылтық  ұстап, қасқырларға қарсы шабар,

Аңшыларды, Әлихан аға, сен басқардың.

 

Қазақ тілі, қасқырлардан аман қалды,

Бейбітшілікке, қазақ халқы жақындады.

Ана тілім, қазақ халқым көптен күткен,

Нұр ағамен, Тәуелсіздікті қарсы алды.

 

Қазақ тілі, тілдердің бұл көсемі,

Қазақ тілі, шешендердің, шешені.

Қазақ тілі, Қазақстан елінің,

Туған жердің, сарқылмайтын, алтын кені.

 

Қазақ тілі, асқар тауы елімнің,

Мөп-мөлдірі, тұнық көлі жерімнің.

Көлде жүзіп, биік шыңда тұрайық,

Жарқын әлі, болашағы тілімнің.

 

Махамбетке

Ел қорғаны, жер қорғаған,

Исатайдың досы бұл.

Ұлт азаты үшін көтеріліп,

Халыққа болды адал ұл.

 

Ол жолбарыс, қайратымен,

Жаудың басын қайырған.

Ол арыстан, айбатымен,

Елге болды берік қорған.

 

Көк байрақтын қыраны,

Бейбітшілікке самғаған.

Қазақ халқының ұланы,

«Елім» - деп жүрегі жырлаған.

 

Достық қасиет берік болды,

Өлім ғана айырған.

Қызғыш құстай дара қалды,

Исатайдан айырылған.

 

Ақындыққа жақын болды,

Жүрсе де қызу майданда.

Аққу қанатымен жазылған жыр,

Бір сыр бар, тұнық, әр жолда.

Елім, жерім, дінім деген,

Қайсар болған әр уақыт.

Мықты жаудан жеңілмеген,

Сыйлаған елге тек бақыт.

Жетпейме жігер - күштерін!!!

 

Қазағым

Ұлы дала,

Кең алқап,

Батырлардың мекені!

Ғасыр өтті,

Өтті жыл,

Сақталды талай егемені!

 

Шыңға жетіп, өркендеп,

Гүлденіп келеді бұл елім.

Өйткені бұл ел осал емес,

Тайсалмайды Қазақ жерім!

 

«Халқым!» - деп соғар жүрегі,

Қазақстан елімнің.

«Елім!» - деп шығар әуені,

Елбасы жыр-әнінің.

 

Жас алашым сақтайық,

Азаттығын Қазақтың.

Болашағын сақтайық,

Жалғастырар ұрпақтың.

 

Абай Құнанбаевқа арнау 

Ақын бар барша халық пір тұтатын,

Адамдар өлеңінен үлгі алатын

Барлық ел бұл ақынды біледі ғой,

Кім десең, ұлы бұл Құнанбайдың Абай дейтін.

                                                                                            

Ал енді,тоқталайық өміріне Абайдың,

Шын есімі Абай емес, Ибрахим-дың.

Абай деген ат қайдан келді десең,

Жеңгелері еркелетіп атайтын.

 

Туған екен 45-тің тамызында,

Шығыс таудың бөктерінде

Келді деп перзентіміз ұлы болар

Ата-анасы қуанған бұл шағында.

 

Шешесі Ұлжан деген нәзік адам,

Әкесі оның Құнанбай ел басқарған.

Абайды тәрбиелеп, ер жеткізген

Зере атты әжесі дана болған.

 

Абайды бар ақындар көп жырлаған,

Ұлы Абайға өлеңдерін арнаған.

Мұхтар аға арнаған “Абай жолы”,

Қазақ халқын баршаға танымал қылған.

Уа, халайық!

Айтатыным сендерге, менің бар,

Ғасыр өтсін, тіпті бір заман өтсін.

Ешқашан да ұмытпайық біз Абайды. 

 

Қазағыма үндеуім         

Сатпекова Алемгуль, 10-сынып оқушысы

Жаңа қазақ не болып барасың сен?

Ұмыттың ғой тілге деген құрметті

Жоғалды ғой сендегі намыс пен ар

Тақияңа келіп пе еді тіліміз тар?!

            Орыс тілде шүлдірлеп қоймайсың ғой,

            Тіл туралы кей кездері ойлайсың ғой,

            Алайда еш нәтиже шықпайды екен,

            Таза тілді армандап қоймайсың ғой!

Қайда біздің инабатты қыздарымыз?

Ақылымен барша жұртты сүйсіндірген,

Қайда біздің қайтпас қайсар ұлдарымыз?

Намыс пенен арды бірге түйістірген

            Қайда біздің  ақылгөй ақсақалдар?

            Жол сілтеп, даналыққа үйреткен

            Қайда біздің жүрек жұтқан ағалар?

Дұшпандарын бір соққымен күйреткен

Ертегіні қызықтырып айтатын

Қайда кетті ақ жаулықты әжелер,

Келіндерін мадақтайтын, мақтайтын

Қайда біздің қадір тұтқан енелер

            Сиреп барады күннен күнге,

            Қорқамын, таусылады деп кейде мүлде

            Ардақтайық, ағайын, салт-дәстүрді,

            Мақтан тұтайық, қадірлейік туған тілді!!!

                                           

Қазақстан

 Уәлихан Адина 5 «А» сынып оқушысы

Көк байрағы көк аспанда қалықтап,

Әнұраным шырқалады шарықтап,

Нұрсұлтандай ағамыз бұл халықты.

Әлемдегі барлық елге танытты.

        

Байтақ Қазақстан

Жұмабаева Дильнар 5 «Ә»  сынып оқушысы

Жері байтақ, табиғаты сұлу, туған елім,

Егемендік, тәуелсіздік алған елім.

Көп ұлттармен тату-тәтті өмір сүріп,

Достығымыз жарасқан халқым менің.

 

Елордасы Астана, қазақ елім

Елбасымыз Нұрсұлтан жасай берсін!

Көк байрақ желбіресін биіктерде

Аспаны ашық халқы тыныш, туған жерім.