ҰОС Жеңіске 70 жыл толуына арналған «Өмір үшін мың тағзым» атты алғыс хаттар байқауы
Қасірет пен айбындылық, қайғы мен қуаныш, дерт пен есте сақтау..... Бұның бәрі - Жеңіс. Ештеңе де жылдар да,оқиғалар да оны алмастыра алмайды. 2015 жыл – ерекше мәні бар жыл. Бар адамзат Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде. Біздің ел үшін бұл күн ерекше маңызға толы. Бұл -елі үшін, жері үшін соғыс майданында қаза болғандардың қасиетті бейнелері. Бұл- біздің тарихымыз, біздің қасіретіміз, біздің «алғысымыз»...
Барлықтарыңызды (оқушы, мұғалім, ата-ана) өз пікір мен ойларыңызды өлең мен қара сөз арқылы ашық білдіруге, ой бөлісуге шақырамыз!
Бағалау критериі:
- біртума, өзінділік;
- дұрыстық, нақтылық;
- автордың тақырыпқа деген азаматтық ұстанымы;
- ұсынылған материал мазмұны көпшіліктің отансүйгіштік мәселесіне қызығушылық танытуына қозғау салу, түркі болу;
Ұсынылатын өлеңнің көлемі 2 шумақтан кем емес,ал проза жанрында жазылған жұмыс А4 форматынан кем болмауы керек. Шрифт 12.
Марапаттау:
І орын – біреу;
ІІ орын - екеу;
ІІІ орын - үшеу;
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталады
Жұмыстың электронды және қағаз түрін 25 кабинетке 5.03 дейін тапсыру қажет.
Гимназия ұжымы мен оқушылар белсенділік танытып, байқауға қатысыңыздар!
Республикалық эссе байқауы
Кабылдау мерзімі: 10 ақпан - 3 наурыз 2015 ж.
Файл- MicrosoftWord
Көлемі – 3 беттен көп емес /А4/
Эссе тақырыптары
Топтар |
Тақырып |
5-8 сынып |
«Менің отбасымның тарихы» «Мен батырдың көшесінде тұрамын» «Соғыстың күнделіктері» |
9-11 сынып |
«Отбасы альбомының кейіпкері» «Қонақжайлы дала: Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» |
Эссе иллюстрациялары: сканерленген суреттер, құжаттар, хаттар.
Әр топ бойынша аймақта 3 орын беріледі, Республикада 3 орын қарастырылады.
Сыйлық қоры:
І орын |
25 000 тенге |
ІІ орын |
15 000 тенге |
ІІІ орын |
10 000 тенге |