Облыстық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсының ІІ орын, облыстық ғылыми жобалар конкурсының ІІ орын, тарих пәнінен облыстық пән олимпиадасының ІІ орын /2020/ жүлдегері
Облыстық «Зерде» жас зерттеушілер жобалар сайысының ІІІ орын /2017/, “Zhas daryn cup I” облыстық онлайн пікірсайыс турнирінің І орын /2020/ жүлдегері.
Биология пәнінің мұғалімі. Умут Кабиденовна «За вклад в развитие образования» медалінің және ҚР білім және ғылым министрлігінің Алғыс хат иегері. Есімі «Дарынды балалар Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына енді. Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен ғылыми жобаларының, облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.
Математика пәнінің мұғалімі. Зарукеш Букуровна облыстық, қалалық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталған. Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының, облыстық ғылыми жобалар байқауының және КИО жүлдегерлерін дайындаған.
"Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі", "Ы.Алтынсарин" белгісінің, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Құрмет грамотасының, "Ерен еңбегі үшін" медалінің, “Конституцияға - 10 жыл”, «Павлодар облысына 75 жыл» мерекелік медалдерінің иегері, «Өзінтану» және «Үш тілде оқыту» оқыту эксперименттерін енгізудегі республикалық «Бөбек» орталығы мен облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарының иегері, Ақсу қаласының Құрметті азаматы. 1983-2013 жылдар аралығында мектеп директорының қызметін атқарды.
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" белгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және Облыс әкімінің Құрмет грамоталарының, Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хат иегері. Есімі республикалық “Жүрегін оқушыларға сыйлаған” атты энциклопедияға енген. 2013-2018 жылдар аралығында мектеп директорының қызметін атқарды.
Математика пәнінің мұғалімі. «Еңбек ардагері» медалінің, «Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісінің, ҚР Президентінің Алғыс хатының,ҚР білім Министрлігінің және облыстық білім Департаменті, облыстық кәсіподақ комитетінің, облыстық депутаттар кеңесінің Құрмет грамоталарының иегері. Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі. 5-9 сыныптарға арналған дизайн арнайы курсы бағдарламасының авторы.
Орыс тілімен әдебиетіпәнінің мұғалімі. Еңбек ардагері, Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі. Іс- тәжірибесі облыс көлемінде таратылған.
Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» кеуделік белгісімен, ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Республикалық, облыстық байқаулар мен ғылыми жобаларының, облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ағылшын тілін халқаралық әдіспен оқыту SOROS бағдарламасының «Батыс пен шығысты тілдік мұра арқылы біріктірейік» жобасының тренері. Павлодар облысының Білім беру Басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған, Павлодар облысына 75 жыл мерекелік медалінің иегері.
Бастауыш сынып мұғалімі. Облыстық және қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған. Оқушылары облыстық интеллектуалдық марафонның жүлдегерлері.