Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Эстетикалық бағыттағы пәндерінің апталығы
2018-2019 оқу жылында 11-16 наурыз аралығында өтетін эстет пәндері апталығының жұмыс жоспары
11-03-2019 20:13
Тақырып: «Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін жаңғырту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу».
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталық жоспары. 2013-2014 оқу жылы
25-03-2015 05:26
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталық жоспары. 2013-2014 оқу жылы
Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру. Ұраны: «Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!»
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталық жоспары. 2013-2014 оқу жылы
13-03-2014 11:15
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталық жоспары. 2013-2014 оқу жылы
10.03-15.03 күндер аралығында Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығының жоспары
Ырғақ пәнінен 4 сыныпта ашық сабақ
27-05-2013 11:38
Ырғақ пәнінен 4 сыныпта ашық сабақ
Эстеттер апталығы аясында ырғақ пәнінің мұғалімі Шатыгина Людмила Михайловна 4 сыныппен ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта балалар би жаттығуларын, соның ішінде вальс биінің элементтерін үйренді, сабақ соңында оқушылар барлық қимылдарды қосып вальсті толық билеп берді.
10-11 сыныптар мен ұстаздар арасында футбол ойыны
27-05-2013 09:14
10-11 сыныптар мен ұстаздар арасында футбол ойыны
Эстеттер апталығы аясында спорт иснтрукторы Зүпар Жәнібектің жетекшілігімен 10-11 сыныптар мен ұстаздар арасында футбол ойыны өткізілді. Гимназия маңындағы жасыл алаңда өткізліген бұл ойын қызықты тартысқа толы болып өтті. 3 кезеңнің нәтижесі бойынша 11 сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
«Су тасқыны. Қорғану және апаттың алдын алу» - азаматтық қорғаныс сабағы
27-05-2013 09:11
«Су тасқыны. Қорғану және апаттың алдын алу» - азаматтық қорғаныс сабағы
Эстеттер апталығы аясында Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Джамалбаев М.С.«Су тасқыны. Қорғану және апаттың алдын алу» - азаматтық қорғаныс сабағын өткізді. Сабаққа қатысқан 10 сынып оқушылары су апаты кезінде қандай қорғаныстар жасауға болатынын, осы табиғат апатынан жарақат алған адамдарға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігі таныстырылды. Оқушылар өздері осы іс-шараға қызығушылықпен белсен қатысты.
«Дәстүрлі күйшілік өнер» атты ашық сабақ. 6 сынып
27-05-2013 09:03
«Дәстүрлі күйшілік өнер» атты ашық сабақ. 6 сынып
Эстеттер апталығы аясында музыка пәнінің мұғалімі Айнұр Ержанқызы Успанова 6ә сыныбымен «Дәстүрлі күйшілік өнер» деген тақырыпта ашық сабақ көрсетті. Оқушылар төкпе және шертпе дәстүрдегі күйшілермен, олардың халық арасына кеңінен таралған шығармаларымен таныстырды. Балалар таспадан күй тыңдап, өздері де домбыра шертіп үйренді. Күйлердің шығу аңызын талқылап, қазақ ұлт аспаптарының түрлері туралы әңгіме етті.
«Халық өнерінің мұрагерлері» концерт – сабағы
26-03-2013 08:46
«Халық өнерінің мұрагерлері» концерт – сабағы
2013 жылдың 23 қаңтар күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның концерт залында музыка пәнінен «Мұрагер» бағдарламасы бойынша 2012-2013 жылдың 1 жарты жылдығының есеп-концерт сабағы болып өтті. Сабақты музыка пәнінің мұғалімі Әсемгүл Қаршығақызы Омарғалиева өткізді.