Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Халық өнерінің мұрагерлері» концерт – сабағы
26-03-2013 08:46
«Халық өнерінің мұрагерлері» концерт – сабағы

«Халық өнерінің мұрагерлері» концерт – сабағы

    2013 жылдың 23 қаңтар күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның концерт залында музыка пәнінен «Мұрагер» бағдарламасы бойынша 2012-2013 жылдың 1 жарты жылдығының есеп-концерт сабағы болып өтті. Сабақты музыка пәнінің мұғалімі Әсемгүл Қаршығақызы Омарғалиева өткізді.
    Жалпы бұл концертте 2, 3, 4 сыныптардан 32 оқушы қатысып, бірінші және екінші тоқсанда «Мұрагер» бағдарламасы бойынша өтілген тақырыптар қамтылу жоспарланды.  Көрермендердің назарына балалардың өз қолымен түрлі түсті қағаздан ойып жасаған, қарындаш, бояулармен салған кілемшелер, аңыздарға байланысты салған суреттердің көрмесі және «Мұрагер» бағдарламасы туралы, оның авторы А.Райымбергенов жайында, гимназияда осы бағдарлама бойынша өткізілген іс-шаралар бойынша жасалған ақпараттық тақта ұйымдастырылды.
«Халық өнерінің мұрагерлері» атанған осы есеп-концерт түрінде өткен музыка сабағы мұғалімнің орындауындағы «Қобыз» әнімен ашылды, бимен әрлендірген гимназияның «Айгөлек»  ансамблі  әннің түп мазмұнын қозғалыс арқылы көрермендерге әсерлі жеткізе білді. Сабақ барысы әдеттегідей сәлемдесуден басталды, домбыраның сүйемелдеуімен мүғалімнің қойған ән сұрағына қатысушы оқушылар жауаптарын әуенге қосып айтты. Мұғалім бұдан кейін қатысушы 2ә, 3а, 4а сынып оқушылары мен сарапшылар алқасымен таныстырды. Сарапшылар бағаларын домбыраның қағысымен беріп отырды: 5 қағыс – 5 деген баға, 4қ.-4, т.с.с..
    Сабақ барысы сайыс түрінде өткізілді. Әр сыныпқа өткен тақырыптар бойынша  экраннан сұрақтар, сурет бойынша күйді атау және сол күйдің аңызын айту, оюлардың түрлерін табу сияқты тапсырмалар  берілді. Тапсырмаларын орындап болғаннан кейін әр сынып домбырада үйренген шығармаларын сахнаға шығып орындап отырды. Мысалы: 2ә сынып оқушылары  «Еркем-ай» әнін ойнады, 3а сынып – «Сәулем-ай» әнін, 4а сынып – «Ақ сиса» әнін орындап берді.