Мектеп мәселесі: дарынды оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайларды туғызу
Мектеп тақырыбы: Дарынды қабілеті бар балалардың жеке бағытта оқыту жағдайындағы іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері мен мазмұны.
Мақсаты: Дарынды оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту
Тәрбие жұмысы тақырыбы: Оқушы бойындағы ерекше қабілеттерін дамытудаұжымдық әрекет ету.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық, өзара қарым-қатынас, ұлатаралық толеранттылық қабілетін дамытуға бағытталған тәрбие жүйесі арқылы өзін-өзі қалыптастыру, дамыту, өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыруға бейім тәрбиелеу ортасын құру,тәрбие компонентін күшейту.
Міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық қабілетін зерделеп, жеке дара әлеуетін дамытуда тәрбие жүйесін жетілдіру.
2. Сынып жетекші қызметінің мазмұнын,сыныптың тәрбие жүйесін ұжымдық шығармашылық әрекетті технологияларға бағыттау, кәсіби шеберлігін шыңдау.
3.Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру.