Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Нет данных статистики
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Баршынкент қаласы

Баршынкент Сырлытам, Қызқала, Қышқала ортағасырлық қала орны. Сырдарияның төменгі ағысы маңында, Қызылорданың оңтүстік-батысында 25 шақырымдай жерде. Қала орнына өткен ғасырда П.И. Лерх, В.А. Каллаур, 1946 жылы С.П. Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнография экспедициясына зерттеу жүргізген.

Академия. Ә. Марғұлан Баршынкентті Алпамыс батыр жырындағы  Гүлбаршынның есімімен байланыстырады. Баршынкент Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы шекаралық аймақтағы үлкен маңызды стратегиясы бекініс және мәдени-сауда орталығы болған. Хорезм, Қыпшақ, Қимақ хандықтары әскерлеріне табанды қарсылық көрсеткен. Кейін ұзақ уақыт қаланы ала алмаған Жошы хан әскерлері қамалды қоршаған орға өзен суын бұрып, қаланы суға бастырып, берілуге мәжбүр еткен. Шапқыншылықтан қираған қала көп ұзамай қалпына келтіріліп, Жошы ұлысының Сыр бойындағы орталығына да айналады

Баршынкент мазары

Баршынкентте теңге соғатын сарай болғаны да белгілі. Осының бәрі оның Алтын Орда тұсында да ірі саяси, мәдени және білім ордасы болғандығын көрсетеді. 13 ғасырдың 2-жартысында Сыр бойында болған Жамал Қарши «Баршынкентте оғыздар мен қыпшақтар аралас тұрады» деп жазады. Баршынкент туралы мәліметтер орта ғасыр тарихшылары мен елшілердің қолжазбаларында көп кездеседі. Солардың бірі Джованни Плано Карпини: «Сыр бойының халқы мұсылман тілінде сөйлейді, салт-дәстүрлері де мұсылманша. Осы маңда қираған қамалдар мен қалалардың орындары өте көп. Жақын жерден өтетін өзеннің бойында тұрғаны – Жанкент, Баршын және Арнас. Олардан басқа да қалалар бар, бірақ біз олардың аттарын біле алмадық» деп жазады. Қаланың аты 15 ғасырдан бастап жазба деректерде кездеспейді. Оның күйреуіне не себеп болғаны әлі зерттелмеген. Баршынкент жайлы көптеген ғалымдардың (Д’ Оссонның, В. Бартольдтың, Марғұланның) еңбектерінен оқуға болады.