Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда94533
Бір айда10268
Бір аптада1530
Кеше297
Тәулік70
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 164
өздігінен білім алу - 103
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 40
электрондық ресурстардан - 14
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 327
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Жаңалықтар
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
07-12-2017 22:25
«ЕНШІ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай гимназияда «Енші» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Зияткер, Капитандар сайысы, Зерде, Көмбе деген 4 кезеңнен құралған сайыстың екі кезеңі бойынша ұстаздар командасы алда келе жатқанымен, соңғы екі кезеңде оқушыларға есе жіберіп қойды. 1 жарым сағатқа созылған тартысты ойында «Еншісін» тақымдарына мықтап қысқан «Оқушылар» командасы жеңіске жетті.
VІ облыстық кешенді олимпиадасы
05-12-2017 12:54
VІ облыстық кешенді олимпиадасы
2017 жылғы 30 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 5-6 сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның 6ә сынып оқушысы Кабиденова Томирис ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық ғылыми жоба сайысының қорытындысы
04-12-2017 19:50
Облыстық ғылыми жоба сайысының қорытындысы
2017 жылғы 24 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа 13 жұмыс ұсынылып, 9-і жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз! Алдағы 6-желтоқсанда өтетін пәндік тестілеуде сәттілік тілейміз!
«Жасыл - яғни үнемді»
24-11-2017 11:22
«Жасыл - яғни үнемді»
Бастауыш сыныптарда жаппай «Жасыл-яғни үнемді» атты сынып сағаттары өтуде. Оның мақсаты оқушы бойында экологиялық мәдениет пен табиғи ресурстарды тиімді пайдалана білу ұғымын қалыптастыру, қазіргі кезде өзекті болып отырған қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесіне оқушылар назарын аудару.
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
23-11-2017 19:57
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Республикалық «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кішкентй баланың-үлкен құқықтары» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушы 6,7 сынып оқушылары бала құқығын қорғайтын заңдармен таныса отырып, суреттер мен бейнелер арқылы өздерінің құқықтарын анықтауға атсалысты.
«Педагогикалық бастамалар» облыстық фестивалі
11-11-2017 10:54
 «Педагогикалық бастамалар» облыстық фестивалі
2017 жылғы 9 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар қаласындағы облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Педагогикалық бастамалар фестивалі» атты облыстық конкурсын өткізді. Гимназиямыздың орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Гульжайнат Бекежановна өз жобасын ұсынып, «Облыс мұғалімдері арасында тәжірибесі таратуға ұсынылғаны үшін» сертификатына ие болды. Әріптесімізді құттықтаймыз!
Бастауыш сыныптар арасындағы математикалық турнир
10-11-2017 18:27
Бастауыш сыныптар арасындағы математикалық турнир
2017 жылдың 9 қарашасында Павлодар қаласы №37 ЖОББМ негізінде бастауыш сынып оқушыларының арасында математикалық турнир өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша гимназияның командасы ІІІ орынға қол жеткізді. Команда құрамында 4 а сынып оқушысы Аменгелді Айжан, 3 сынып оқушысы Сабабаев Жансар, 2 сынып оқушысы Жеңіс Мансұр. Жетекшілері Аманжолова.С.Г., Елубаева.М.С., Жақсыбекова.М.Ж. Құттықтаймыз!
"Балауса" - облыстағы үздік оқушылар газеті
10-11-2017 18:21
2017 жылдың 9 қараша күні Білім басқарамасының ұйымдастыруымен М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өтті. Байқау нәтижесі бойынша "Балауса" газеті ұжымы І орынды жеңіп алып, облыстағы үздік мектеп газеті атанды. "Балаусаның" жас тілшілері 9 сынып оқушылары Данкина Алима, Жұмабаева Дильнара, Рамазанова Аяулым және Жомарт Ақтоты. Құттықтаймыз!
«Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары
07-11-2017 00:33
«Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары
2017 жылдың 3 қарашасында №25 мектепте 1-7-сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша І орын жүлдегері Жалешова А. - 4 сынып (жетекшісі: Катепбай.А.), ІІІ орын - Қазтай А., Сайыпова Ә., Садыбекова А. және Кабиденова Т. - 6 сынып (жетекшілері: Нургалиева Д.А., Есенгожина А.Е.), Ермек Н. мен Ермек Ж. - 3 сынып (жетекшісі: Елубаева М.С.), Айгожина А. - 7 сынып (жетекшісі Алькеева З.Б.).
«Көшбасшы жолы» саяхаты
06-11-2017 22:51
«Көшбасшы жолы» саяхаты
Оқушылардың күзгі демалысы барысында Алматы және Астана қалаларында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ бірлескен бастамасы бойынша ұйымдастырылған Мемлекет басшысының қызметімен тығыз байланысты жерлерге баруға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды. Олардың ішінде Биxан Боранбай, Сейтаxмет Еділ, Кабышева Динара біздің гимназия шәкірттері де бар!
Республикалық "Ақ көгершін" балалардың шығармашылық байқауы
06-11-2017 22:37
Республикалық
Алматы қаласында өткен Республикалық "Ақ көгершін" балалардың шығармашылық байқауына гимназияның "Айгөлек" би ансамблі қатысып, І орынға ие болды. "Ақ көгершін" фестиваль-байқауы балаларға арналған жыл сайынғы жарқын және есте қаларлық оқиға. "Айгөлек" би ансамблін және олардың жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны шын жүректен құттықтаймыз!
"Әке, ана және мен - туристік отбасы"
02-11-2017 23:11
28 қазан күні Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының ұйымдастыруымен "Әке, ана және мен - туристік отбасы" конкурсы өтті. Нәтижесінде гимназия командасы І орынға ие болды! Құттықтаймыз!

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 38 соңғысы