Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда115152
Бір айда7767
Бір аптада753
Кеше146
Тәулік85
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 142
өздігінен білім алу - 97
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 34
электрондық ресурстардан - 10
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 289
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Басшының парағы

КАСЕНОВА МАРИЯ АБДУКАДИРОВНА

Гимназия директоры


Бағдарламаның негізгі идеялары мен мектеп тәжірибесін өзгерту

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

А.Йүгінеки

Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті шынайы демократиялық нышандағы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда. Педагогикалық шеберлік орталығындағы мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсында мектеп жағдайын қалай талдауды, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектепке қалай өзгеріс енгізіп, іске асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалауды қарастырдық. Мектептің мұғалімдер ұжымы педагогикалық қызметке өзгеріс енгізу үшін білім, түсінік және дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгеруі үшін коучинг пен менторинг арқылы қолдау көрсетуді меңгердік. Мектептің өркендеуіне, оның қарқынды, жылдам дамуына мектеп директоры ғана әсер етпейді, оған бүкіл ұжым мүшелері үлес қосады. Ал директор мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерін жұмылдыру арқылы жетілген, өзгерген, жігерлі орта қалыптастыра алады.

Бүгінгі күнде жаңашыл технологиялар мен халықаралық бағдарламалар, жобалар көбейіп, озық мұғалімдер туралы критерийлер жаңаруда. Сондықтан да заман талабына сай жан-жақты сан алуан тәжірибені енгізу де қажет, ал ұстаздарға бұл бағытта нақты көңіл бөлінсе ғана нәтижеге жете алады. Бұл жердегі мәселе-мұғалімдердің инновациялық мүмкіндігін мектеп жағдайына қарай дамыту. “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат: өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”, - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде, оның ішінде, мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруда мұғалімнің кәсіптік білім мен біліктілігі, кәсіптік мәдениеті алғы шарт екені белгілі. Демек, мұғалімдерді жұмысқа уәждеп, олардың құзыреттіліктерін арттыру арқылы және олар жұмыс істеп, оқитын ортасын жайлы ету арқылы оқушылардың үлгерімін жақсартуда директорлардың орны ерекше.

Осы аталған мәселелерді шешуде халықаралық зерттеулердің маңызы ерекше екен.Әсіресе мұғалімнің кәсіби дамуын анықтауда TALIS сауалнамасының маңызы ерекше,себебі 24 ел қатысқан оқыту мен оқу саласындағы халықаралық TALIS зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек,кері байланыс немесе бағалау қорытындысын алған ұстаздар тәжірибесінде жақсы өзгерістер болғанын мәлімдеген. Ендеше бағалау-ынталандыру құралы деген қорытынды жасауға болады. Бағалау үдерісіне ерекше мән беру керек. Сонымен қатар ынталандыру жүйесін қайта қарастыру қажет.

Касенова Мария Абдукадировна, гимназия директоры


Телефон: 8 (71837) 4-90-07

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау:

Сәрсенбі: сағат 16.00-18.00

Жұма: сағат 16.00-18.00