Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда115152
Бір айда7767
Бір аптада753
Кеше146
Тәулік85
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 142
өздігінен білім алу - 97
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 34
электрондық ресурстардан - 10
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 289
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Математика, физика және информатика пәндерінің ӘБ
Алькеева Зарукеш Букуровна
Алькеева Зарукеш Букуровна

математика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 32 жыл

Зарукеш Букуровнаның іс-тәжірибесі облыстық деңгейде таратылды (2006); облыстық «Педагогикалық шеберлік-2007»  байқауының ІІІ орын иегері; ҰБТ нәтижесі бойынша облыстың ең үздік он мұғалімдерінің қатарына (2008); «Дарынды балалар Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына енді (2012). Оқушылары облыстық ғылыми жоба сайыстарының ІІ, ІІІ орын (2008-2010); облыстық жасөспірімдер олипиадасының ІІІ орын  (2011); жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша жасөспірімдер арасындағы  I республикалық қашықтық олимпиадасының І орын  (2012); математика пәнінен  қазақстан интернет олимпиадасының ІІ, ІІІ орын  (2012); республикалық, облыстық интеллектуалдық ойын-сайыстарының І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері (2008-2012); «Кенгуру» халықаралық ойын-сайысының жеңімпазы 8-сынып оқушысы Франция еліне барып тегін дем алып келді (2012).  Облыстық, қалалық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Давлятчина Салима Васильевна
Давлятчина Салима Васильевна

математика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 32 жыл

Салима Васильевна облыстық авторлық бағдарламалар байқауының  ІІІ орын жүлдегері (2003). Оқушылары  халықаралық «Кенгуру» математикалық марафонының ІІІ орын  (2012); математика пәнінен қазақстан интернет олимпиадасының І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері (2011, 2012). Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.

Муканова Бакытгуль Кадыровна
Муканова Бакытгуль Кадыровна

математика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 26 жыл

Бакытгуль Кадыровна мұғалімдер арасында өткен «Нақты ғылымдар» қалалық пән олимпиадасында математикадан ІІ орын жүлдегері. Оқушылары математикадан республикалық «Алтын ұрпақ»  интеллектуалдық ойын-сайысының ІІІ орын (2008), облыстық ғылыми жоба сайыстарының ІІ, ІІІ орын (2010-2011), математика пәнінен  қазақстан интернет олимпиадасының ІІІ орын (2012); республикалық, облыстық интеллектуалдық ойын-сайыстарының ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері (2010-2012).

Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна
Кабылбекова  Алмагуль Серикбаевна

физика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 26 жыл

Мұғалімнің жетістіктері: 2008 ж. «Инновациялық  идеялар» V Республикалық фестивалінің ІІІ дәрежелі диплом иегері; 2009 ж. ҰБТ нәтижелері бойынша облыстың 10 үздік физика пәні мұғалімдерінің қатарында «Алтын қор» жинағына есімі енді; Озық іс-тәжірибесі облыс көлемінде жинақталып республика көлемінде таратылуда; 2010 ж. Облыстық «Педагогикалық шеберлік - 2010» сайысының ІІ орын; «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясында «Өз ісінің шебері» атты тақтасына есімі енгізілген; 2011 ж. Аймақтық семинарда ең үздік баяндама үшін Диплом; 2012 ж. Физика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы; Облыстық физиктер Ассоциациясының мүшесі. Облыстық, республикалық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталған. 2014 ж. «Үздік педагог-2014» республикалық конкурсының жеңімпазы. 

Оқушылардың жетістіктері: Халықаралық  деңгейде: 2012 ж.  ХІІ Сәтбаев оқулары Халықаралық ғылыми конференцияда  І  дәрежелі диплом - 1 оқушы. Республикалық  деңгейде: 2012 ж.   ІІ Республикалық  Астротурнир жүлдегері  -  1 оқушы;  І Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздары   -  8 оқушы; 2013 ж. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының  Грамотасы -  4 оқушы; Физика пәнінен Қазақстан Интернет Олимпиадасының жеңімпазы  - 1 оқушы; Республикалық әл-Фараби атындағы физика пәнінен қашықтық олимпиада  - 1 оқушы; 2014 ж.  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Грамотасы -  5 оқушы. Облыстық деңгейде: 2011 ж. Эвристикалық олимпиадада номинация «Тілдік бағыттылығы – сауаттылық»  - 1 оқушы; 2013 ж.  Көптілділік бойынша өткен облыстық олимпиада - 1 оқушы; 2014 ж.  Көптілділік бойынша өткен облыстық олимпиаданың ІІІ дәрежелі длипломы - 1 оқушы.

Атик Бибигуль Васильевна
Атик Бибигуль Васильевна

физика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: бірінші

Еңбек өтілі:12 жыл

Бибигуль Васильевна  оқытудың кредиттік технологиясының әдіс-тәсілдерін жақсы меңгерген;  Шарбақты ауданы «Жыл мұғалімі» сайысының ІІ дәрежелі (2009), облыстық  «Алтын Диск» сайысының ІІІ дәрежелі жүлдегері.  Қалалық, облыстық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Абылгазина Эльмира Турагуловна
Абылгазина Эльмира Турагуловна

информатика пәнінің мұғалімі

 Білімі:  жоғары

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 17 жыл

Эльмира Турагуловна облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының ІІІ орын иегері (2013), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының  – ІІ орын (2014), «Үздік инновациялық жоба» облыстық конкурсының – ІІ орын (2014) иегері, «Педагогикалық бастамалар - 2015» облыстық конкурсында - үздік жоба. Оқушылары облыстық информатика және бағдарлама жасау жасөспірімдер олимпиадасында  ІІІ орын (2011), информатика пәнінен облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орын (2012), КИО ІІІ орын (2013, 2014), облыстық «Инновациялық Павлодар - 2014» инновациялық жобалар конкурсында (ИнЕУ) – жеңімпаз, ИНеУ-де оқу грантының иегері (2014), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының  І орын (2014), ІІІ орын (2015) жүлдегерлері. Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Катепбай Асылгуль
Катепбай Асылгуль

математика пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Санаты: екінші

Еңбек өтілі: 6 жыл

Катепбай Асылгуль қалалық математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін айқындайтын байқауда ІІ орын (2011), қалалық пән олимпиадасында ІІІ орын (2012), ІІ орын (2015) иегері. Оқушылардың жетістіктері: КИО олимпиадасында - 1 оқушы ІІ орын (2016), «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында - 1 оқушы ІІІ орын (2015), облыстық зерде ғылыми жобалар сайысында 1 оқушы ІІІ орын (2016).