Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда94533
Бір айда10268
Бір аптада1530
Кеше297
Тәулік70
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 164
өздігінен білім алу - 103
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 40
электрондық ресурстардан - 14
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 327
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Өлең жолдары

Ұстаз

Олжабай  Санжар, 3 «Ә» сынып оқушысы

Ұстаздар! Кәусар бұлақтың көздері,

Нәр жинап көш алған дананың өздері.

Бұлақ боп жаһанда таратса көлдерін,

Ұстаздар қаламас өмірде өзгені.

Ұшырған қыраны көрінсе асқардан,

Ұстазда бар ма екен фәниде басқа арман

Жоғары ұстайық тәлімгер есімін,

Жүректің қалауын ақылмен басқарған.

АНАға

Сергазин Арман, 10 сынып оқушысы

Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,

Анаң барға шүкір ет, болған пана.

Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,

Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,

Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан.

Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,

Мен кіршіксіз, ыстық-ыстық, «салем» салам.

Еріккеннен кеткенім жоқ мен сізден,

Жүріп кеттім, «білім» деген бір ізбен.

Тапсырдым бір Құдайға мен басымды,

Сезінейін, жол жүргендей сізбенен.

Сағынамын, ойлай-ойлай толғанам,

«Сәлем Ана!!!» хатымды, мен жолдаған.

Дұға етіңіз, мендей жастар көп мұнда,

 Батаңызды мың есе ғып қайтарам.

Арнау

(гимназия директоры  Р.Х. Сламбековаға арналады)

Талай  ақын арнап кеткен жыр-әнін,

Даңқы биікте ұстаз атты тұлғаның.

Өмір жолын үйретуге арнаған,

Ұстаз шіркін, екінші анасы баланың,

Ұстаз деген данасы ғой дананың,

Күш жұмсайды оқуына баланың.

Ұстаз тұлға, шаршамайды, шалдықпас,

Олар адал, иесі ой-сананың.

Мейірімін жаудырады әрқашан,

Олар күндей әркез нұрын мол шашқан.

Қайнар бұлақ, таудан аққан өзендей,

Білім шөлін сол мөлдірмен қандырған.

Ұстаз деген еңбектен ол шаршамас,

Бойында бар мол қайраты қажымас.

Өтсін айлар, өтсін жылдар талай ,көп,

Оқушыға құштарлығы таусылмас.

Осындай қасиетті жиған бойға,

30 жыл тек мектебін қойған алға.

Хамитқызы Сламбекова Рымкеш апай,

Мерейтойыңыз ұлассын үлкен тойга.

Құтты болсын 30 жылдық еңбегіңіз,

Осымен тоқтамасын белесіңіз.

Есіміңіз көтерілсін бұдан әрі,

Осы біздің сізге деген тілегіміз.

Туған жерім

Амангелді Диас,  3«Ә» сынып оқушысы

Туған жерім - Қазақстан байтақ елім

Туып-өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең , табынсаң думан елге

Ардақта да мен деген бол азамат

Елім, жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Біз аманат еткен адам - Нұрсұлтан

Нұрдың да, алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

Біздің Қазақстан

Смагулова Диляра, 3 «Ә» сынып оқушысы

Алтай - Жайық арасы -

Жарты әлемдей даласы,

Ол - біздің Қазақстан!

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол - біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусәр ән,

Ол-біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ,

Ол - біздің Қазақстан!

Ана

Лайықов Нұрсұлтан  6 «А»сынып оқушысы

Жақсы көрем анамды,

Атам берді батамды.

Анамның сүтін емгенде,

Өсемін ғой тез менде.

Жақсы көрем анамды,

Атам берді батамды.

Өсіп болған кезімде,

Анама қамқор боламын.

                           

Құстарды қорғау міндетім

Солтанова Тамила, 5 «Ә» сынып оқушысы

Құстарды қорғау міндетім,

Оларға жем беретін.

Бірінші ұя жасаймын

Келсін деп құстар еліне. 

                 

Салақтық

Манарбек Мағрифе,  7 «Ә» сынып оқушысы

Салақ бала болма сен,

Керісінше одан жирен.

Салақ болып үйренсең

Шығу бойдан жоқ мүлдем.

Жиренсеғ жаман әдеттен,

Болмайсың салақ бала сен

Салақтықтан бас тарт,

Өзіңе сенім арт

                   

Желтоқсан - ызғары

 Альдекенова Айнұр 8 «Ә» сынып оқушысы

Желтоқсанның ызғарлы бір күнінде,

Шықты алаңға Отан үшін бәрі де.

Азаттықты аңсаған жас қырандар,

Төзе білген суыққа да өлімге