Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда112166
Бір айда4831
Бір аптада392
Кеше29
Тәулік59
Өзекті кестені жүктеп алу
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 156
өздігінен білім алу - 99
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 38
электрондық ресурстардан - 12
басқа формалар - 6
Дауыс бергендер саны: 311
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616

Гимназия тарихы

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы – бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыратын білім ошағы.

 

Ақсу қаласындағы гимназия 1993-1995 жылдары №1 орта мектеп құрамында эксперименттік алаңда болып, 1997 статусқа ие болды.

2000 жылдың қыркүйек айынан бастап жеке мемлекеттік мекеме болып, Ақсу қаласында тұңғыш гимназия ашылды.

2006 жылы мектебімізге қосалқы ғимарат ашылып, онда спортзал, 350 орындық мәжіліс залы, хореография, домбыра, дизайн пәндеріне арналған оқу кабинеттері және стандартты тир орналасқан. Бұл оқушылардың жеке дара қабілеттерін, шығармашылығын шыңдауға және белгілі нәтижеге жетелеуге мүмкіндік береді. Осының бірден бір айғағы гимназияның «Айгөлек» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» фестиваліне қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Жетекшісі Зембаева Д.Н. Ал «Экстрим» - туризм үйірмесіне қатысатын оқушылар туризмнің қыр-сырларын меңгере отыра, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде.  Жетекшісі Дембельбаев Н.А.

Осы жылдары ашылған «Ерлік данқ залы», Сәтбаев бұрышы, гимназияның 10 жылдық мерейтойына орай ашылған мұражай оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, өз елінің ұлы тұлғаларын дәріптеп, үлгі тұтуға, өзінің білім ұясының тарихын біліп тануға бағытталған.

2009 оқу жылы гимназияның соңғы қоңырау салтанатына Премьер – министр К. Мәсімов, облыс әкімі Б. Сағынтаев қатысты.

Гимназия үш эксперименттік алаңға енгізілді.

2003-2004 оқу жылы - Республикалық «Бөбек қоры» президенті С.А.Назарбаеваның бастамасымен енгізілген өзін-өзі тану курсы бойынша эксперимент. Бүгінгі таңда өзін-өзі тану пәні бойынша тірек мектебі.

2005-2006 оқу жылы - «Үш тілде оқыту» эксперименті (физика пәні ағылшын тілінде) жүргізіледі.

2012-2013 оқу жылы - «Ағылшын тілін ерте оқыту» эксперименті.

Павлодар облысы әкімінің 28.12. 2010 ж. № 309/19  қаулысына сәйкес  2011-2012 оқу жылында “Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия” статусын алды.

Гимназияда барлығы 46 ұстаз. Оның 22-сі  жоғары, 15-сі бірінші санатты мұғалімдер.  Педагогикалық ұжымға ҚР білім беру ісінің үздігі  Қасенова Мария Абдукадировна басшылық етуде. Оқушылардың саны 356, білім сапасы  88%, бір ауысымда оқиды. Гимназияны барлығы 182 түлек   бітіріп, барлығы жоғары оқу орындарында оқиды.  Алтын белгіге – 26 түлек, Үздік аттестатқа – 19 түлек ие болды. Болашақ бағдарламасымен шет мемлекеттерде барлығы 8 түлек білімдерін жалғастырды.

Мұғалімнің шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми практикалық конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқауларға пән олимпиадасының берері көп. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберліктерін шыңдап, іскерлік қабілетін дамытады.

Ұстаздарымыз халықаралық, республикалық, облыстық конференция, семинар, байқауларға жиі барады, биылғы оқу жылында да осындай іс-шараға 18 ұстаз қатысты. Биология пәнінің ұстазы Муханова Ү.К. республикамызда алғаш рет Өскемен қаласында өткізілген химия-биология мұғалімдерінің съезіне, қазақ тілі мұғалімі Дюсембаев Ә.Қ. Астанада болған І республикалық филологтар съезіне қатысып келсе,  география пәнінің мұғалімі А.А.Жакупов республикада алғашқы рет өткізілген «Ең үздік педагог-2012» байқауының жүлдегері, Грант иегері, ал  «Ең үздік педагог-2014» жүлдегері физика мұғалімі Қабылбекова А.С. атанды.

Оқушыларымыздың халықаралық деңгейде өтетін сайыстардағы да қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. 2012 жылы Халықаралық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында 10 сынып оқушысы Мұхитов Қасымханның ІІ орынға ие болды, Грецияға 13 оқушы барып жазғы бағдарлы лингвистикалық лагерінде ағылшын тілінен білімдерін тереңдетті, 8-сынып оқушысы Әсет Ерназар халықаралық «Кенгуру-математика» ойын байқауында жүлделі орын алып, Франциядағы халықаралық математикалық лагерьде тегін демалып, өз білімін шыңдап қайтты.

2013, 2014 жж. 9 (10) сынып оқушысы Қайыржанова Әдия Республикалық пән олимпиадасында І орынды иеленіп, алтын медальге қол жеткізді.

2014-2015 жылы Халықаралық Жолдасбеков атындағы ғылыми жоба сайысында 11 сынып оқушылары Жолдас Азамат, Жұмағұл Әділжан ІІІ орынды иеленді.

Республикалық ғылыми жоба сайысында 11 сынып оқушылары Успанова Айгерім, Амиргалиева Мадина ІІ орын, Жолдас Азамат ІІІ орын алды.

Республикалық «Зерде» ғылыми жоба сайысында 5 сынып оқушылары Жандарбек Акрам, Успанова Аймира ІІ орынға ие болды.

Гимназияның шығармашылық ізденістегі педагогикалық ұжымы оқытудың көптілділік жүйесінен де тысқары қалмады. Гимназияда қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерімен бірге, 2009 жылдан қытай тілін оқыту қолға алынып, 2012 жылдың мамыр айында жеке қытай тілі кабинеті ашылды. 2012 жылғы 22 тамызда Ақсу қаласының мәдениет сарайында өзге ұлт өкілдері арасында облыстық «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқуларында 11 сынып оқушысы Михайленко Юлия І орынды иеленіп, Астана қаласында өтетін Республикалық байқауда бас жүлдеге ие болды.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия статусын алған мектебіміздің әлі де жетер жетістігі, алар асуы, бағындырар белесі алда.

Гимназияның тарихы туралы фильм