Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Қаныш Сәтбаевтың 124 жылдығына арналған онкүндік
03-04-2023 19:10
Қаныш Сәтбаевтың 124 жылдығына арналған онкүндік
3-13 сәуір аралығында Қаныш Сәтбаевтың 124 жылдығына арналған онкүндік өтеді. Бүгін онкүндік ашылуы ұйымдастырылып, ғалымның ұшан-теңіз еңбегі мен еліне деген сүйіспеншілігі туралы, артына қалдырған еңбегі жайлы оқушылар баяндап, онкүндік жоспары таныстырылды. Барлық оқушыларды шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.
"Жаңа күн" бағдарламасында қонақтамыз.
03-04-2023 16:10
"Мәшһүр-Жүсіп оқулары" жеңімпазы Мақсатхан Қымбат пен ұстазы Ақмарал Еркенқызы Ертіс телернасы-ның шақыруымен "Жаңа күн" бағдарламасына қатысып келді.
"Қазақстан теңізшілері ерлігіне арналады" атты поэзия байқауы
02-04-2023 18:32
"Қазақстан теңізшілері ерлігіне арналады" атты поэзия байқауына 10 сынып оқушысы Жалел Санжар қатысып мақтау грамотасымен марапатталды. Жетекшісі К.Тулеубаева. Өлең авторы, анасы Үміт Кукуева.
"Алтын сақа" спорт фестивалі
02-04-2023 01:21
"Алтын сақа" спорт фестивалінде гимназия намысын қорғаған ұлдар тобы жүлделі 3 орынды иеленді. Топ құрамы: Жаналхан Айсултан, Ахметсапар Мансур, Төлеутай Ерқанат. Жетекшісі Хавал Нұртай. Құттықтаймыз!
Бастауыш сынып оқушыларының Наурыз мерекесі
29-03-2023 17:16
Бастауыш сынып оқушыларының Наурыз мерекесі
Наурыз - жыл басы. Бастауыш сынып оқушылары Наурыз мерекесіне орай “бұлақтың көзін ашу”, “ағаш отырғызу”, арық тазалау” дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдар таныстырылды. Оқушылар аударыспақ, бес асық, арқан тарту ойындарында өз ептіліктері мен күштерін сынады. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Білім беруде STEM бағытын дамыту
18-03-2023 17:33
Білім беруде STEM бағытын дамыту
2023 жылғы 15 наурыз күні гимназияда физика және информатика пәнінің мұғалімі , STEM тренерлерін даярлау халықаралық сертификаттаның иегері Атик Бибигуль Васильевна Павлодар «Білім беруде STEM бағытын дамыту» тақырыбында аймақаралық ғылыми-практикалық онлайн конференфиясына қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. «STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдерге бағыттау» тақырыбындағы баяндамасында осы бағытта атқарылып жатқан іс шараларға және
Наурызым - нұрлы ырысым
18-03-2023 17:25
Наурызым - нұрлы ырысым
Гимназияда “Наурызым - нұрлы ырысым” гүлдер көрмесі өтті
Тақия тігу бойынша шеберлік сабағы
17-03-2023 18:25
Тақия тігу бойынша шеберлік сабағы
Тақия кию қазақ қыздары арасында трендке айналып келеді. Соңғы кезде көшеде қазіргі заманға лайықтап, заманауи стильбе тігілген тақия киіп жүрген қыз-келіншектерді жиі кездестіруге болады. Наурыз мерекесі қарсаңында көркем еңбек пәні мұғалімі Гүлжазира Қабдылкадырқызы қыздарымызға тақия тігу бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Заманауи таақия қыз баланың тренд бас киіміне айналары сөзсіз.
Наурыз мейрамы құтты болсын!
17-03-2023 18:13
Наурыз мейрамы құтты болсын!
17 наурыз күні гимназияда "Наурыз -Думан" тойымыз өтті. Наурыз мейрамы құтты болсын!
“Бұрымды қыз” байқауы
15-03-2023 23:50
 “Бұрымды қыз” байқауы
Наурыз мерекесі қарсаңында гимназиямызда “Бұрымды қыз” байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде “Көрікті бұрым” номинациясымен Аблаева Наргиз , “Шашбаулы шаш” номинациясымен Шабанбаева Дания, “Сұлу шаш” номинациясымен Асанбай Жадыра, “Жібектей шаш” номинациясымен Мирова Замира, “Сәнді шаш” номинациясымен Нағашыбайқызы Жаннұр марапатталды. Бас жүлде - 7 сынып оқушысы Ахметова Айданада.
Облыстқ Мәшһүр Жүсіп оқуларының бас жүлде иегері
15-03-2023 14:26
Облыстқ Мәшһүр Жүсіп оқуларының бас жүлде иегері
Сәтбаев гимназиясының оқушылары Максатхан Қымбат пен Партияқызы Арайлым облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларында жеңіске жетті. Жетекшілері Акмарал Еркенқызы мен Райгүл Тоқанқызын және оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
География пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
14-03-2023 16:20
География пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Біздің гимназия облыстық деңгейде географияны оқытудың ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасуда. 10.03 орталықтың жұмыс жоспарының негізінде Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінде магистратурада оқып жатқан Альдекенова Анар Толыбаевна «География пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құру жолдары» тақырыбындағы вебинарда өз тәжірибесімен бөлісті.